Жастар Бауыржан Момышұлының ерлігін насихаттады
Жастар Бауыржан Момышұлының ерлігін насихаттады
998
оқылды
Астана қаласы Бауыржан Момышұлы атындағы №53 мектеп-лицейде батырдың туғанына 112 жыл толуына орай іс-шара өтті. Салтанатты жиынға Сыртқы істер министрлігінің штаттан тыс кеңесшісі, Қазақстан дипломатия қызметінің еңбек сіңірген қайраткері, Еуразия ұлттық университетінің профессоры, экономика ғылымдарының докторы Сайлау Батырашұлы арнайы қатысты.    width= Бауыржан Момышұлының ескерткішіне мектеп директоры Замзагүл Қиянова алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы, лейтенант Қанат Айжақсин «Қанат» және «Жас сарбаз» сыныбының оқушылары гүл шоғын қойды.    width= Астана қаласы мектептері арасында «Алаштың айбыны – Бауыржан» тақырыбымен пікірсайыс турнирі өтті. Бауыржан Момышұлының тұлғалық қасиетін оқушылар арасында насихаттау, дебатты дамыту мақсатында ұйымдастырылған пікірсайыс турниріне 26 мектептің оқушылары қатысты. Мектепте алғаш рет  шахмат кабинетінің ашылуы ұйымдастырылды. Іс-шарада Жас сарбаз сыныбының салтанатты шеруімен «Зерек» сыныбы  ресми түрде ашылды. Жас шахматшылары өзара бақ сынады. «Жас сарбаз» сыныбына жаңа қабылданған оқушылар ант берді.