Мектеп оқушыларының қысқы каникулда неше күн демалатыны белгілі болды
Мектеп оқушыларының қысқы каникулда неше күн демалатыны белгілі болды
© Halyq Uni
1,475
оқылды
Оқушылардың қысқы демалысы 8 қаңтарға дейін жалғасады. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, мектеп оқушылары қысқы каникулға 30 желтоқсаннан бастап шығады.
«Оқушыларымыздың қысқы каникулы 2022 жылғы 31 желтоқсан мен 2023 жылғы 8 қаңтарға дейін жалғасады», – делінген хабарламада.
Айта кетсек, осы аптада қазақстандық мектеп оқушылары сегіз аптаға созылған екінші тоқсанды аяқтап жатыр. Жалпы алғанда, биылғы оқу жылының ұзақтығы 2-11-сынып аралығындағы балалар үшін 36 аптаға, 1-сынып оқушылары үшін 35 аптаға созылады.