Полиция қызметкерлеріне экскаватор жүргізушісі облыс орталығының аумағындағы құрылыс учаскесінде жер қазу кезінде гидромолотпен 6 дана көлемінде тот басқан миналарды қазып шығарғанын айтыпты.
«Қазіргі уақытта табылған заттарды полиция тәркіледі, сараптама тағайындалды. Алдын ала жасалған болжам бойынша, Ұлы Отан соғысы жылдарында «құпия» деген белгімен Көкшетау қаласының аумағына әскери зауыт эвакуацияланған. Ол 39 жастағы тұрғын қазған аумаққа орналастырылған», – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук.Қазіргі уақытта полиция тексеруді жалғастыруда.
Ақмола облысы