Бүгін Өскемен мен Қызылордада мектеп оқушылары қашықтан оқиды
Бүгін Өскемен мен Қызылордада мектеп оқушылары қашықтан оқиды
Фото: yandex.kz
1,282
оқылды
Өскеменде аяз күшейді. Сондықтан бүгін де оқушылар сабақты онлайн форматта оқиды. ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өңірде аяз күшейіп тұр. 29 қарашада түнде облыстың солтүстік-шығысында ауа температурасы -43 градусқа дейін төмендейді.
«Оның ішінде Өскеменде де қатты аяз. Соған орай қала мектептеріндегі бірінші ауысымдағы 0-11-сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан өтеді» делінген хабарламада.
Өзге аудандарда оқушылардың қалай оқитыны туралы ақпарат әлі жария етілмеді. Қызылорда қаласында ауа райының қолайсыздығына және желдің күштілігіне байланысты 29 қарашада 0-4-сыныптар аралығындағы оқушылар қашықтан оқиды.
«Қызылорда қаласы бойынша ауа райының қолайсыздығы, желдің күштілігіне байланысты 29 қарашада 0-4-сынып оқушылары қашықтан оқытылатынын хабарлаймыз», – деп жазылған Қызылорда қаласының білім бөлімі таратқан хабарламада.
Ал қыста жылусыз қалып, төтенше жағдай жарияланған Екібастұз қаласында ахуал әлі түзелмеді.