Топтың әр мүшесінің өзіне жүктелген міндетіне қарай нақты құрылымы жасақталған. Қажетті шешімдерді тұрақты түрде өткізіліп тұратын «жиналыстарда» қабылдап тұрған.
Ұсталғандардың қатарында трансұлттық қылмыстық ұйымдардың топ басшыларына бағынышты және солардың атынан әрекет етіп, Қызылорда облысының қылмыстық иерархиясында белгілі бір дәрежеге ие болғандар бар.
https://youtu.be/rRxy-Nyz7iM
Олардың тұрғылықты мекенжайы бойынша қарудың бірнеше түрі, «ұрылар кассасының» сметасы, есірткі заттары, сонымен қатар тергеу үшін өзге де заттар мен құпия құжаттар алынды.
Қолға түскендер қылмыстық топ құру, басқару және қаржыландыру, бопсалау секілді ауыр қылмыстар жасады деген күдікке ілінген.
Осылайша, ұйымдасқан қылмыстық топтың Қазақстандағы іс-әрекеті және елдегі қылмыстық ахуалды ушықтыру жоспары жүзеге аспады.