Колледж гранттарының саны артты
Колледж гранттарының саны артты
©ЭК/Валерий КАЛИЕВ
477
оқылды
Енді колледж студенттері үш құзыреттілікті меңгеріп шығады. Бұл туралы Үкімет отырысында еліміздегі білім беруді дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын талқылау кезінде Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты.
«Колледждер мәселесіне тоқталсақ, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, жастар тиісті мамандықтар бойынша 100 пайыз қамтылады. Биыл гранттар саны өсіп, рекордтық 128 мың орынды құрады. Енді студенттерге бір емес, үш құзыреттілікке дейін алып шығу мүмкіндігі берілді», –  деді А.Аймағамбетов.
Сонымен қатар ол мемлекеттік тапсырысты кәсіпорындардың өздеріне, олардың нақты өтінімдері бойынша нысаналы түрде беру жалғасатынын айтты.
«Биылдан бастап колледждерге академиялық дербестік берілді. Бұл қадам кадрларды даярлау сапасын арттыруға толығымен мүмкіндік берді»,–  деді министр.