Атырауда сабағын көңілді өткізетін мұғалім бар
Атырауда сабағын көңілді өткізетін мұғалім бар
2,222
оқылды
Әр сабағын ерекше етіп өткізетін атыраулық мұғалім көпшілік назарына ілікті. Бүгінде оның Tik-Tok әлеуметтік желісіне жариялаған қызықты сабақтары мен сергіту сәттері туралы видеолары мыңдаған оқырманның көзайымына айналған. Ұстаздың сабақ беру әдісі жөнінде жақында QAZAQSTAN ұлттық арнасынан бейнематериал жарыққа шықты. Ислам Қадыров – Атырау қаласындағы № 41 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. «Мақсатым – балаларға өзге тілді оңай меңгерту. Ол үшін жан-жақты ізденіп, еркін форматта сабақтар өткізіп келемін» – дейді жаңашыл ұстаз. Исламның Tik-Tok-тағы негізгі контенті ата-аналар мен оқушылар. Еліміздің түкпір-түкпірінен оқырмандары бар. «9-сыныпқа жетекшілік етемін. Балалармен бір деңгейде әңгімелесіп, тәрбие мен білімді ұштастырып қызмет ету басты ұстанымым» – дейді Ислам.