Абай университетінде «Студенттер қатарына қабылдау» мерекесі өтті
Абай университетінде «Студенттер қатарына қабылдау» мерекесі өтті
1,022
оқылды
Абай университетінде Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент пен Жастар ісі жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен «Студенттер қатарына қабылдау» мерекелік іс-шарасы өтті.    width= Салтанатты жиында Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректор Дархан Біләлов 1-курс студенттеріне жаңа білім жолында сәттілік тілеп, құттықтау сөз сөйледі.    width=
«Студенттік өмір – адам өміріндегі өте маңызды кезең. Студенттеріміз кәсіби қалыптасуға қадам басып, өмірлік ұстанымдары мен қажеттіліктерін айқындайды. Әрі қарай даму үшін көптеген мүмкіндіктер ашылады. Қамсыз болашаққа қамдану бүгіннен басталуы керек», – деп атап өтті ректор.
Дәстүрлі мереке бірінші курс студенттерінің шеруімен басталды. Үздік бірінші курс студенттерінің бірі ант қабылдап, білім кілті мен студенттік билетті алды.    width=  width=  width= Салтанатты шараға 2 мыңнан астам адам қатысты. Мерекелік кеште қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Ұланғасыр Ками, Akim, Марат Думан, Нұрбердиев Нұрсұлтан, Жанұзақ Елдос және Садық Бейбарыс, сондай-ақ университетіміздің дарынды жастары өз өнерімен қуантты.  width= Студенттердің мерекесі MC Niko мен диджей Остиннің қатысуымен би кешіне ұласты. Іс-шара жоғары деңгейде өтті және барлық қатысушыларға ұмытылмас әсер қалдырды.