Атырауда мектептен оқушылар мен мұғалімдерді шұғыл эвакуациялады
Атырауда мектептен оқушылар мен мұғалімдерді шұғыл эвакуациялады
1,316
оқылды
Атырау қаласындағы №2 мектеп директорына «мектепте жарылыс жасаймын» деген хабарлама келген. Аталған мектеп директоры Атырау облысы полиция департаментіне 12 қазан күні сағат 08:20 шамасында хабарлаған. «Полиция қызметкерлері  мектептен 800-ге жуық оқушы мен 70 мұғалімді эвакуациялады. Қазіргі таңда мектеп ғимаратын тексеріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы қосымша хабарланады» делінген Атырау облысы полиция департаменті таратқан мәліметте. Атырау облысы білім беру басқармасының мәліметінше, бір топ оқушы Instagram-да топ құрған.
«Топқа оқушылар бомба орнатылғаны жөнінде хабарлама жазған. Оқиға орнына Атырау қалалық полиция басқармасы қызметкерлері барып, мектептегі адамдарды эвакуациялады. Ата-аналар оқушыларды үйіне алып кетіп жатыр. 2 мен 3-ауысымдағы сабақ бүгін қашықтан оқытылады. Мектепке дезинфекция жасалады», – деді басқарма өкілі.