Аңыз цирк Астанаға келеді

Аңыз цирк Астанаға келеді
Аңыз цирк Астанаға келеді

Астана циркінде алғаш рет аты аңызға айналған Юрий Никулин атындағы цирк толық құрамда өнер көрсетеді. Әлемдік өнер кеңістігінде өзін­дік қолтаңбасы бар атақты цирк ұжымының гастрольдік сапары 1-23 қазан аралығында өтеді. Никулин циркі көрермен назарына виртуоз гимнасшылар, әуе гимнасшылары мен жонглерлер, акробат-эксцен­триктер мен эквилибристер, көп­шілік сүйетін сайқымазақтардың таңғажайып бағдарламаларын ұсынады. Бұл сапарда Юрий Никулиннің 100 жылдығына арналған, үздік артистер шоғырланған бағдарлама қойылмақ. Ю.Никулин циркі 1 қазан күнгі концерті Ха­лық­аралық қарттар күні мен Балалар жылына орайластырылада. Билетті Тикетон сайтында және цирк кас­саларында сатып ала аласыздар.