Эпидемия ошағы – Уханьдағы госпиталь басшысы коронавирустан көз жұмды
Эпидемия ошағы – Уханьдағы госпиталь басшысы коронавирустан көз жұмды
Фото: Интернеттен алынды
407
оқылды
Қытай мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, коронавирус ошағы – Ухань қаласындағы госпиталь басшысы осы инфекцияны жұқтырып, сейсенбі күні қайтыс болды, – деп жазады New York Times-қа сілтеме жасаған «ҚазАқпарат». «Wuhan Wuchang Hospital директоры Лю Чжимин таңғы 10:30-да көз жұмды», – деп жазды New York Times. Ақпан айының басында Қытай халқы коронавирус туралы ерте ескерту жасаған дәрігер Ли Вэньлянның қазасына көңіл айтқан еді. Он мыңдаған медицина қызметкері Хубэй провинциясының орталығы Уханьдағы теңіз өнімдерін сататын базарда пайда болған коронавирустың таралып кетпеуі үшін күресті. Қытайдағы әлеуметтік желі, электронды БАҚ-та Ли Вэньлян секілді, дүйсенбі күні кешке Лю Чжиминге қатысты да түсініспеушілік туындады.