Елжан Біртанов круиздік лайнердегі қазақстандықтардың денсаулығы туралы айтты
Елжан Біртанов круиздік лайнердегі қазақстандықтардың денсаулығы туралы айтты
Фото: Интернеттен алынды
308
оқылды
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус шығуына байланысты Жапония жағалауында оқшауланған круиздік лайнердегі қазақстандықтардың денсаулығы, елге әкелу мәселесін айтты, – деп жазады «Қазақпарат». «Жапонияның Денсаулық сақтау министрлігімен тікелей байланыстамыз. Олардың айтуынша, дәл қазіргі уақытта олардың да вирус жұқтырғаны (коронавирусты) туралы ақпарат жоқ. Кемеде қалған азаматтармен де тікелей байланыстамыз», – деді министр. Оның айтуынша, круиздік кемедегі қазақстандықтардың денсаулығы жақсы. «Қазіргі уақытта біз Сыртқы істер министрлігімен бірге еліміздің азаматтарын Қазақстанға жеткізу мәселесін пысықтап жатырмыз», – деді Елжан Біртанов. Еске сала кетейік, кеме 5 ақпаннан бері карантинде тұр.