Қан қысымын қалай дәрі-дәрмексіз түсіруге болады?
Қан қысымын қалай дәрі-дәрмексіз түсіруге болады?
© РИА Новости
301
оқылды
Неміс кардиологы Мартин Холле Focus порталына берген сұхбатында қан қысымын қалай дәрі-дәрмексіз түсіруге болатынын айтып берді, - деп хабарлайды tengrinews.kz РИА Новости-ға сілтеме жасап.
Дәрігердің айтуынша, спортпен айналыспау және дұрыс тамақтанбау, сондай-ақ, салмақ қосу қан қысымының жоғарылауына себепші.
"Күнделікті таза ауада 15 минут уақыт серуендау қан қысымын түсіруге көмектеседі. Велосипедпен немесе жүгіру бұл серуендеуге жатпайды. Ол керісінше қан қысымын көтеріп жібереді. Сол себепті таза ауада физикалық жаттығулар жасаған дұрыс", - дейді кардиолог. Сондай-ақ, дәрігер колбаса, нан және ірімшік сияқты азық-түлік өнімдерінен бас тартуға кеңес береді. Оның орнына жеміс-жидек жеу керек дейді.