Коронавирус қаупі: смартфондар көрмесі өтпейді
Коронавирус қаупі: смартфондар көрмесі өтпейді
© keddr.com
324
оқылды
Mobile World Congress (MWC) деп аталатын әлемдегі ең ірі смартфондар көрмесі коронавирусқа байланысты өтпейтін болды, - деп хабарлады 24.kz  rosbalt.ru-ға сілтеме жасап. Бүкіләлемдік мобильді конгресс Барселонада ақпан айында өтуі тиіс еді. Дегенмен вирусқа байланысты туындаған тасымал мен өзге де мәселелер іс-шараны ұйымдастыруды қиындатып жіберген, Конгресс ұйымдастырушысы GSMA қауымдастығының мәліметінше, Испания билігі елдегі «қауіпсіз әрі таза ауаны» сақтап қалу мақсатында осындай қадамға барып отыр. Енді келесі көрме 2021 жылға жоспарланған, ал өтетін уақыты мен мерзімі алдағы уақытта белгілі болады. Бұл конгреске жыл сайын мыңдаған компания мен олардың өкілдері қатысады. Олардың ішінде Қытай компаниялары да аз емес. Sony және Amazon секілді алыптар биылғы іс-шараға келуден бірден бас тартты. Осы категория бойынша: « Жапонияда 7 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді