Қытайда дәрігерлер коронавирус жұқтырған науқастарға би билеп берді
Қытайда дәрігерлер коронавирус жұқтырған науқастарға би билеп берді
© tengrinews.kz
391
оқылды
Қытайдың Ухань қаласында коронавирус жұқтырғандар үшін дәрігерлер әсерлі би билеп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қытайлық South China Morning Post басылымының YouТube-каналында бидің видеосы жарияланды. Онда арнайы костюм киген дәрігерлердің істегенін пижама киген науқастар қайталайды.
Олар осылайша өз қарамағындағы науқастардың көңілін көтермек болған екен. Соңғы мәлімет бойынша, Қытайда коронавирус жұқтырған адамдардың саны 44,6 мыңға жетті, олардың 1113-і қаза тапқан, 4740-ы емделген.