Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды

"Қазгидромет" синоптиктері бірнеше өңірде ескерту жариялады. Қызылорда облысының орталығында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз желдің күші 15-20 м/с жетеді. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында найзағай жарқылдайды. Солтүстіктен соққан жел 15-20 м/с соғады. 24 мамырда түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, батысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соққан желдің күші 15-20 м/с жетеді. 24-25 мамырда Түркістан облысының таулы аудандарында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Жарма ауданында өрттің төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Батыс Қазақстан облысының шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. 24 мамырда түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с. Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстын батысында, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с болады деп болжануда.