Доллар 6,65 теңгеге көтерілді

Доллар 6,65 теңгеге көтерілді
Доллар 6,65 теңгеге көтерілді

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті. KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 6,65 теңгеге көтерілді. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 434, 47 теңге. Ұлттық банктің 6 мамырдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 427, 80 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 437, 63 теңге, сатып алу – 443,18 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 437, 30 теңгеден болса, сатып алу құны – 441,70 теңге.