Атырау облысында жоғалған жігіттің денесі Ойыл өзенінен табылды

Атырау облысында жоғалған жігіттің денесі Ойыл өзенінен табылды
Атырау облысында жоғалған жігіттің денесі Ойыл өзенінен табылды

Қызылқоға ауданының Тасшағыл ауылынан мал іздеуге шығып, із-түзсіз жоғалған жігіттің мүрдесі бүгін, 25 сәуірде Ойыл өзенінен табылды, – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.  Жоғалған жігіттің жасы – 21-де. Ол 21 сәуірде сағат 09:00-де Тасшағыл ауылынан белгісіз бағытқа мал іздеуге шығып кеткен. Содан бері одан еш дерек болмады. Далалық жазықтан табылмаған соң оны Ойыл өзенінен іздеуге шешім қабылданды.

«23 сәуірде сағат 19:00 шамасында өзеннен жоғалған жігіт мініп кеткен аттың өлексесі табылды. Ал бүгін, 25 сәуірде сағат 09:45-те із-түзсіз кеткен жігіттің мүрдесі өзеннің жағаға жақын тұсынан табылып, судан шығарылды», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Жоғалған жігітті іздеуге департаменттің 6 қызметкері мен 2 техникасы, оның ішінде 1 жүзу құралы тартылды.