Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы жақында наурыз мейрамы кезінде Алматыға іс сапар жасаған. Осы сапар кезінде мегаполистегі аталған Оқушылар сарайына да соққан болатын. Сол сапары кезінде Президент Алматы әкімдігіне 2023 жылдың 15 желтоқсанына дейін Оқушылар сарайының обсерваториясын жаңғырту аясында заманауи кәсіби телескоп орнатуды тапсырған болатын.