2021 жылғы білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды
2021 жылғы білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды
Сурет: depositphotos.com
418
оқылды

2021-2022 оқу жылына арналған білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды.

Мемлекеттік гранттар республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалды. Гранттарды тағайындау конкурсына қатысу үшін 75 мыңнан астам талапкер құжат тапсырды. Толық тізімді гиперсілтеме арқылы өтіп көруге болады. Биыл «Білім беру» және «Денсаулық сақтау» білім беру бағыттары сұранысқа ие болды. Сонымен қатар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, құқық, дизайн, менеджмент және басқа да бағыттар сұраныста. Ендігі кезекте мемлекеттік білім гранты иегерлері оқуға қабылдану үшін құжаттарын жоғары оқу орындарына 25 тамызға дейін тапсыруы тиіс.