Жаңа оқу жылында мектеп оқушылары қанша күн демалады?
Жаңа оқу жылында мектеп оқушылары қанша күн демалады?
Фото: yandex.kz
407
оқылды

Бұйрыққа сәйкес, орта білім беру ұйымдарында 2021-2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникулы кезеңдерінің мынадай мерзімі айқындалды:

1) Жаңа оқу жылы әдеттегідей 2021 жылғы 1 қыркүйекте басталады. 2) Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 аптаға, 2-11 (12)- сыныптарда – 34 аптаға жетеді. Каникул кезеңдері:
  • күзгі каникул – 7 күн (2021 жылғы 1-7 қараша аралығында),
  • қысқы каникул – 11 күн (2021 жылғы 30 желтоқсан мен 2022 жылғы 9 қаңтар аралығында),
  • көктемгі каникул – 12 күн (2022 жылғы 19-30 наурыз аралығында). 1-сыныптарға арналған қосымша каникул – 7 күн (2022 жылғы 7-13 ақпан аралығында) болып белгіленді.

Бұған дейін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушыларға мектепке классикалық үлгіде киініп баруға болатынын айтқан еді.