Алматы әуежайында адамдар эвакуацияланып, нысан қоршауға алынды
Алматы әуежайында адамдар эвакуацияланып, нысан қоршауға алынды
© Pixabay
291
оқылды
Алматыда 102 шұғыл байланыс желісіне 17 сағат 52 минутта белгісіз біреуден қоңырау келіп түсті, деп хабарлайды zakon.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Ер адам Алматы халықаралық әуежайына мина қойылғанын айтқан. - Бұл ақпараттан дереу Көліктегі полиция департаментінің бөлімшелері құлақтандырылды. Әуежайдағы адамдар эвакуацияланып, нысан қоршауға алынды. Қоңырау шалушының жеке басын анықтау жұмыстары да жүргізілді. Бұл 1997 жылы туылған Б. Деген азамат. Қазір оны Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері ұстап, Алмалы ауданының полиция бөліміне алып кетті. Бұл адамның қалалық психоневрологиялық диспансерде тіркеуде тұрғаны анықталды. Бұрын осыған ұқсас әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бұл факт ҚР Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді, - дейді Алматы қаласы ПД жедел басқару орталығының басшысы, полиция полковнигі Андрей Квашнин. Әуежайға жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат расталған жоқ. Қалалық жедел-іздестіру жұмыстары аяқталды. Дүрлігіп, алаңдауға негіз жоқ.