«Тәуелсіздік ұрпақтары»: грант кімдерге беріледі?
«Тәуелсіздік ұрпақтары»: грант кімдерге беріледі?
Фото: vinsonvalega.com
410
оқылды

«Грант берудің мақсаты – белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған, жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекеттік қолдау» делінген Үкімет қаулысында.

Грант беру міндеттері: талантты және талапты жастарды қолдау; елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін практикалық қызығушылық танытатын жастардың инновациялық жобалары мен ғылыми-техникалық әзірлемелерін анықтау және қолдау; жастардың жаңа және қолданыстағы стартап-жобаларын іске асыруға жәрдем көрсету; жастар арасында шығармашылық қызметті танымал ету. Гранттың мөлшері мен санын Үкімет жыл сайын белгілейді. Гранттар Қазақстан азаматтарына жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыру үшін келесі бағыттар бойынша конкурстық негізде беріледі: «Ғылым» – ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобалар мен зерттеулерді іске асыру үшін; «Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін; «Ақпараттық технологиялар» - жаңа IT-шешімдер мен жобаларды, оның ішінде бастаушы стартап-жобаларды іске асыру және әзірлеу үшін; «Бизнес» – экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін; «Медиа» – жаңа медиа-жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контентті құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін. Конкурстық өтінімдер мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қабылданады және онда төмендегі мәлімет болуы қажет: жобаның сипаттамасы; жобаның бейнепрезентациясы (60 секундтан көп емес); шығындар сметасының жобасы; зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болса).

Қаулы биыл 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.