Биыл 18 адам ҰБТ-ға жалған құжатпен кірмек болған
Биыл 18 адам ҰБТ-ға жалған құжатпен кірмек болған
311
оқылды

Тестілеуге жалған құжатпен кірмек болған 18 адам ұсталды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев айтты.

«Түсушілер үш деңгейлі жүйе бойынша - Face ID жеке басын сәйкестендіру жүйесі арқылы, жеке куәлігі бойынша және отырғызу орнымен жеке басын сәйкестендіру арқылы тексеріліп, тестілеуге жіберілді. Face ID жүйесінің арқасында тестілеуге жіберу барысында 18 бөтен адам анықталды», - деді ол.

Оның айтуынша, 2020 жылмен салыстырғанда мұндай адамдардың саны 2 есеге өскен.
«18 адамның 9-ына қылмыстық іс қозғалды. Бұл ретте астаналық 4 оқушы жеке басын куәландыратын құжаттарын қолдан жасатып, өздерінің орнына жоғары оқу орнының студентін жіберген екен. Тиісінше олардың деректері құқық қорғау органдарына тапсырылып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді Қуаныш Ерғалиев.