Күн сәулесі: қай уақытта пайдалы, қай кезде сақтану керек? Дәрігер жауап берді

"Осы аралықтарда адам ағзасына қажет дәрумендерді алуға болады. Мысалы, ультракүлгін сәулесінің әсерінен терінің беті қызарып, зат алмасу, түрлі минералдар алмасу процесі артады, D дәруменінің қажет мөлшерін алуға болады", - дейді маман.Егер бұл ереже сақталмаса, яғни аталған уақыттан тыс кезде күн астында көп жүрсеңіз тері ауруларына шалдығуыңыз мүмкін. Мысалы есекжем, терінің қатерлі ісігі және тағы басқа. Ол үшін теріге күннен қорғайтын SPF крем жағып жүру қажет.
"Күннің астында 15-20 минуттан артық жүрген жағдайда Күнге күю белгісі пайда болады. Ұзақ жүрмесеңіз SPF 15 кремін, ал сағаттап жүрсеңіз 50 кремін жағыңыз", – дейді терапевт Маржан Қонысбаева.SPF кремді қалай қолдану керек: