Педагогикалық білім берудің қазіргі заманғы трендтері
Педагогикалық білім берудің қазіргі заманғы трендтері
1,412
оқылды

Алматыда Абай атындағы «Біз қазіргі білім беру жүйесі ашық болуы керек деп санаймыз. Ұлттық педагогикалық қоғамдастық ретінде отандық білім беру жүйесін ілгерілетуге бағытталған оқытудың жаңа технологиялары мен әдістемелерін ұсына отырып, саланың дамуына өз үлесімізді қосамыз. Бүгінгі күннің басты тенденциясы, бұл - жаңа міндеттер және білім беру саласына еңбек нарығы жағынан да, ішкі қайта құрылымдау қажеттілігі жағынан да әсер ететін цифрлық революция. Болашақ мұғалімдерге жаңа цифрлық құзыреттіліктер, креативті тәсілдер, білім беруде шешім қабылдау, қарым-қатынас және ынтымақтастық дағдылары қажет», – деді Абай университетінің ректоры. Ол ХХІ ғасыр – жаһандану ғасыры, жаңа технологиялар мен инновациялар ғасыры және болып жатқан өзгерістерге жаңаша көзқарас ғасыры екендігін және еліміздің жаңа ұрпақтарының тәлімгерлерін даярлауға белсенді қатысатын Абай атындағы ҚазҰПУ осы өзгерістерге сай келуі керек екенін атап өтті. Форум үш тақырыптық бағытта өтті: аралас оқыту перспективалары (Blended Learning); мұғалімдерді оқытудағы цифрлық технологиялар: құралдар, платформалар, тәжірибе және енгізу перспективалары; өмір бойғы оқыту (Lifelong Learning). Онлайн/офлайн-оқыту; аудиториялық/электрондық оқыту; медиапедагогика, оқыту процесі мен контентін цифрландыру; оқыту экожүйесін цифрлық трансформациялау; смарт-дидактика; нейропедагогика: үздіксіз білім беру жүйесі; өздігінен білім алу; жеке білім беру траекториясы сияқты мәселелер талқыланды. Ақпараттық технологиялар құралдары, оқытудың инновациялық тәсілдері мен цифрлық қызметтер мен дәстүрлі оқытудың үйлесімділігі мәселелері қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Форум қорытындысы бойынша резолюция қабылданды, онда цифрлық білім беру ортасын қалыптастыру және білім беру бағдарламаларына цифрлық құзыреттерді енгізу бойынша білім беру ұйымдарының әкімшілігі мен ұжымдары жұмысының тиімділігін күшейту жөніндегі міндеттер мен шаралар белгіленген. Нақты ұсыныстар берілді: цифрлық экономикаға көшу контекстінде білім беру ұйымдарының басшылары мен педагог қызметкерлерінің ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілік деңгейін арттыру мақсатында өз жұмысында форум материалдарын қолдану; педагогтың пәндік, әдістемелік, психологиялық-педагогикалық, коммуникативтік құзыреттілігін арттыру, бірыңғай ақпараттық-білім беру ортасын қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру. Іс-шараға қатысушылар форумдағы ұсынымдар педагогикалық білім беру жүйесін одан әрі дамытуға, халықаралық ғылыми-практикалық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететініне, қазақстандық білімнің сапалы жаңа даму деңгейіне шығуын қамтамасыз етуге көмектесетініне сенім білдірді.