Қызылордада 17 адам суға кеткен
«Айқын» ақпарат
/ 09.06.2021
Қызылордада 17 адам суға кеткен
– Қайтыс болған баланың туған әпкесімін. Ол – менен кейінгі қыздың ұлы. Суды каналдың арғы бетіне өтіп, сол маңдағы мейрамхана маңынан аламыз. Інім су тасып жүріп аяғы тайып кетті. Бұл жалпы жүргіншілерге арналған көпір емес. Мұнда 17 жылдан бері ауызсу жоқ. Газ жоқ, әлі күнге пеш жағады. Көріп келе жатқан күндері осы, – дейді ауыл тұрғыны Ақнұр Рыспанбетова. Белгілі болғандай, Қарауылтөбе ауылдық округіне қарасты бұл маңда 7 отбасы тұрады. Үйлердің бәрі Казсушар мекемесіне тиесілі. Кезінде қызметтік баспана ретінде салынып, кейін тұрғындар осы маңда тұрақтап қалған. Әзірге үй маңына ауызсу тартылмағандықтан тұрғындар «қылкөпірдің» үстімен өтіп, каналдың арғы бетіндегі кәсіпкерлік нысандардың бірінен су тасып ішетін көрінеді. – Бұл ауылда небәрі 7-8 үй тұрады. Үшеуінде ғана су бар. Қалғандары «Мереке» асханасындағы ауызсудан көпір арқылы өтіп алады. Бұл көпірді де кешегі қайғылы оқиғадан кейін барып жөндеді. Оған дейін көпірдің ортасында ойық болушы еді. 3-4 сынып оқитын балалар бес литрлеп таситын. Кейде ата-анасы қасында болады, олар жоқ кезде өздері тасиды. Қайғылы жағдай бірінші рет болып отыр. Бірақ адамдар суға түсіп кететін жағдайлар болып тұрады. Осы көпірге жөндеу жүргізіп, ауызсу мәселесі шешімін тапса игі, – дейді сол маңдағы май құю бекетінің қызметкері Жәнібек Әлібек. Жауапты мамандар аталған мәселені шешуге ұсыныс берілгенін айтты. Жоғарыда айтып өткендей, бұл «қылкөпір» адам жүруге арналмаған. Десе де, каналдың арғы бетіндегі ауызсуға апаратын бірден-бір төте жол осы болып тұр. Сондықтан тұрғындар ауызсу мәселесі шешілгенше қалт-құлт еткен жалғыз аяқтық көпірді жөнге келтіріп беруін сұрап отыр.
Нұрсұлтан ҚАЗБЕК,
Қызылорда облысы
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
«Реніш артта қалды»: Тұрсын Алагөзовтің балалары әкесіне қайта табысты
Жаңалықтар
«Ақымақсың ғой, мен саған бай тауып берейін»: Құрбанәлі Ахмет ишан екінші ә...
Жаңалықтар
«Жаның жәннатта болсын, досым, кешір...»: Бағлан Әбдірайымов жантебірентер...
Жаңалықтар
Жанболат пен Жазираның құдаларына берген қалың малы қызу талқыға түсті (вид...
Жаңалықтар
Айнұр Тұрсынбаева әнші Наркенже Серікбаеваға бриллиант сыйлады (видео)
Сұхбат
Нұрбике Ахмедиярова, күйшінің жары: Күй патшалығында өмір сүрді