Ұстазға гүл сыйлау жемқорлық па? Аймағамбетов жауап берді
Ұстазға гүл сыйлау жемқорлық па? Аймағамбетов жауап берді
561
оқылды

Мұғалімге гүл сыйлау жемқорлық ретінде санала ма? Бұл сауалға ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жауап берді, — деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Білім және ғылым министрі соңғы қоңырау жақындаған сәтте әлеуметтік желіде «мұғалімдерге гүл сыйлау жемқорлық саналады» деген сынды пікірлердің өршіп кетуіне байланысты пікір білдірді.
"Мұғалімдерге гүл сыйлау жемқорлық деп саналады... Олай санайтын кім? Біз оны жемқорлық деп есептемейміз. Сондықтан да ненің жемқорлық, ненің жемқорлық емес екендігін нақты ажырата білуіміз керек. Бала бірінші сынып табалдырығын аттаған кезде ұстазына гүл сыйласа, бұл жемқорлық емес», — деді Асхат Аймағамбетов.
Еске салсақ, Аймағамбетов биыл оқушыларға соңғы қоңыраудың қалай өтетінін айтқан еді. Соңғы қоңырау іс-шарасын 9 және 11- сынып бітірушілеріне санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, ашық ауада өткізуге рұқсат беріліп отыр.