Биыл соңғы қоңырау қалай өтеді?
Биыл соңғы қоңырау қалай өтеді?
390
оқылды

Соңғы қоңырау жылдағыдай 25 мамырда өткізіледі.

«Биылғы шектеу іс-шаралары ескеріліп, бірнеше форматта өтеді. Біріншіден, дәстүрлі түрде мектеп ауласында 9 және 11-сынып оқушылары үшін, сондай-ақ 300-ге дейін оқушысы бар әрі осы уақытқа дейін штаттық режимде оқытып келе жатқан мектептер өткізе алады. Екіншісі, сынып ішінде немесе онлайн түрде өткізу қарастырылған. Қажет деп санаса, сынып ішінде өткізуге де болады. Ал қашықтан оқытып жатқандар үшін соңғы қоңырау мерекесі онлайн режимде болады»,  –  вице-министр.

Сондай-ақ ол мұғалімдерге сыйлық алуға рұқсат етілмейтінін айтты. Соңғы қоңырауда мұғалімдерге сыйлық алуға тыйым салынған.