ДДСҰ барлық елдің басшыларын коронавирустың пайда болуына дайын болуға шақырды
ДДСҰ барлық елдің басшыларын коронавирустың пайда болуына дайын болуға шақырды
© Фото: Qilai Shen / Bloomberg
480
оқылды
Жаңа 2019-nCoV коронавирусының таралуына қатысты жағдай мамандар болжағаннан әлдеқайда қүрделі болуы мүмкін. Бұл жөнінде Twitter-де Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры  Тедрос Адханом Гебрейус жазған, - деп хабарлайды rbc.ru. Қытайда болмаған адамдардың жаңа вирусты жұқтыру фактілері тіркелді деп атап өтті ДДСҰ бас директоры. Оның айтуынша, бұл жағдайлар инфекцияның басқа елдерде де кеңінен таралуы мүмкін екенін көрсетеді. «Қысқасы, біз айсбергтің басын ғана көріп отыруымыз мүмкін», — деп есептейді Гебрейус.