Boeing 737 бортында барлығы 24 бала болған. Оның 19-ы 12 жасқа дейінгі балалар екен. Ішіндегі ең кішкентайы былтыр ғана туған. Бұл жайында news.liga.net сайты жариялады.
Еске салсақ, 8 қаңтар күні Иран астанасы Тегеран маңында «Украина халықаралық әуе жолдары» әуе компаниясына тиесілі Boeing 737 апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 170 жолаушы болған. Барлық жолаушы мен экипаж мүшесі қаза тапты. Ең аяныштысы, бортта болған отбасы мүшелері толығымен ажал құшты.
Мусави отбасы
Оған қоса, 3 ирандық бала қайтыс болды. Олар: Ахмади Моттере (2011 жылғы), Ахмади Мух Сен (2014 жылғы) және Ахмади Рахмтин (2010 жылғы). Олар ата-анасы Ахмади Секинке мен Ахмади Митрамен саяхаттап жүрген.
Әуе кемесінде 6 жасар Эммами Софиямен бірге 61 жастағы Эмами Саедмахди азаматы болған. Оның Софияға қалай туысатыны белгісіз. Алайда оны баланың әкесі не атасы деген болжам бар. Ал 2011 жылы туған Эгбали Базофт Шахзад 1960 жылғы Эгбали Базофт Шахрохпен бірге болған.

Асадилари Мохаммадхосейн
Мохаммад канадалық STEAM студенттік стипендиясының негізін қалаушысы. Ол Торонто университетінде PhD дәрежесін алған. Нанохимия, қатерлі ісік иммунологиясы, нейрохирургия және нейробиология бойынша көптеген мақаланың авторы. ЮНЕСКО канадалық кеңсесімен, Канадалық Қызыл Крестпен бірлесіп жұмыс жасады. Ол сонымен қатар білім беру стартапы PeerBuds-тің кеңесшісі болды.
Бұл апат жас отбасының да өмірін қиып әкетті. Олар Канадалық Альберт университетінің түлектері еді. Жас жұбайлар 3 қаңтарда ұйленген болатын. 27 жастағы Араш Пурзараби мен 26 жастағы әйелі Горжи Пуне информатика мамандығы бойынша ғылыми дәрежесін алған.