"Тыртығынан тауып аламыз": желі қолданушылары Айжұлдыз Адайбекованың сүйіктісінің кім екенін айтты

Желі қолданушылары дизайнер арудың соңғы жариялаған видеосынан кейін белгісіз жігітті тапқандай болды.

Отандық танымал актриса әрі блогер Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісінің кім екенін құпия ұстағанымен, желі қолданушылары дизайнер арудың соңғы жариялаған видеосынан кейін белгісіз жігітті тапқандай болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Айжұлдыз Адайбекова Instagram-дағы парақшасында сүйіктісімен түскен жаңа видеоны жариялап, елді қызықтырып қойды. Желі қолданушылары актрисаның жасырып жүрген жігіті кім екенін біле алмай әлек болды.

Алайда кейбір оқырман бейтаныс азаматтың денесіндегі ерекшелігін байқап, бірнеше нұсқаны келтірді.

"Түрін қашан көреміз?", "Тыртығынан тауып аламыз", "Еркебұлан Тоқтар емес пе?", "Бұл құпия жігіт Бағжан Октябрь сияқты", "Бағжанның қолында тыртығы жоқ", "Бұл Сәкен Кагаров", "Сәкен Кагаровтың дәл өзі. 100 пайызға сенімдімін", – деп жазуда көпшілік.