Астанада ШЫҰ қорғаныс ведомстволары басшылары ағаш отырғызды

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Еліміздің Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалығының негізгі басымдықтарының ішінде экология саласы да бар. 2024 жыл Қазақстанның бастамасымен ШЫҰ Экология жылы болып жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер Қорғаныс министрлерінің кеңесіне қатысушылар экологиялық акцияға қатысып, Қазақстан Қорғаныс министрлігі ғимаратының жанына көшет отырғызу рәсімін жасады.