Түркістан облысында шаруашылық құрылыстары мен бірнеше автокөлікті өртегендер ұсталды

Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде.

Түркістан облысында полицияға Төлеби ауданындағы ауылдың бірінде шаруашылық құрылыстары мен бірнеше автокөліктің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті, -  деп хабарлайды Aikyn.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полицияның хабарлауынша, күдіктілер дер кезінде ұсталды. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде. Зардап шеккендер жоқ.

Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Болған оқиғаның мәнжайы анықталуда.

Жергілікті тұрғындармен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.