СҚО тұрғындарына гуманитарлық көмек жіберіледі

Бұған дейін СҚО-да әскерилер ауыл тұрғындарын көшіріп жатқанын жазған болатынбыз.

Кәсіпкер Болат Сүлейменов пен мәслихат депутаты Айдар Құрымбаев Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек жіберілетінін айтты.

Олар азық-түлік пен тұрмысқа қажетті заттар толық жиналғанын жеткізді.

«Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына гуманитарлық көмек жинап, сатып алып, жөнелтпекпіз. Азық-түлік пен қажетті заттар жиналды. Бұл заттар мен өнімдер ертең түскі уақытта «АМАNАТ» партиясы облыстық филиалының қолдауымен Кривенко, 25а мекенжайынан жөнелтіледі», – деді Болат Сүлейменов.

Бұған дейін СҚО-да әскерилер ауыл тұрғындарын көшіріп жатқанын жазған болатынбыз.