54 келі салмақта лицензиялық жарысқа қатысатын боксшы анықталды

Жас боксшы Таиландта өтетін Олимпиадаға іріктеу турниріне қатысу мүмкіндігін иеленді.

Бокстан Астанада өтіп жатқан спаррингтік турнирде 54 келі салмақта лицензиялық жарысқа қатысатын боксшы анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, 54 келі салмақтағы финалдық жекпе-жекте Ұлжан Сәрсенбек пен Сымбат Әлиасқар кездескен. 

Жекпе-жекте төрешілердің бірауыз шешімімен Ұлжан Сәрсенбек жеңіске жетті. 

Осылайша, жас боксшы Таиландта өтетін Олимпиадаға іріктеу турниріне қатысу мүмкіндігін иеленді.