Жәнібек асырап алған анасы оқырмандарының сұрағына жауап беретінін айтты.
Туған анасын іздеп жүрген Жәнібек өзін асырап алған бельгиялық әйелді көрсетті
Фото: instagram.com/muratsaveliev
14,515
оқылды

Туған анасын іздеп жүрген Жәнібек Савельев әлеуметтік желідегі парақшасында өзін асырап алған Валери есімді бельгиялық әйелді көрсетті,  деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Айтуынша, жақында анасы оған қонаққа келеді. Жәнібек асырап алған анасы оқырмандарының сұрағына жауап беретінін айтты.

«Құрметті әкелер, аналар, аға-әпкелер! Бұл – мені асырап алған анам Валери. Ол маған Испанияға Бельгиядан қонаққа келді. Валери мені асырап алу үшін 2004 жылы Қазақстанның Арқалық қаласына келген. Сіздердерде көптеген сұрақтың барын сеземін. Пікір алаңына сұрақтарыңызды қойыңыз, Валери оларға жауап бере алады деп ойлаймын. «Валери неге бала асырап алды? Неліктен Валери баланы Қазақстаннан асырап алғысы келді?» деген сияқты сұрақтар сіздерді де толғандыратын болар?..»  деп жазды Жәнібек.