Ақтөбеде 10 жастағы оқушы еріген қар суына батып кетті

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Белқопа ауылында 10 жасар бала суға батып кетті

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Белқопа ауылында 10 жасар бала суға батып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz inform.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға бүгін болған.

Әйтеке би ауданының әкімі Даулетияр Тоғызбаевтың айтуынша, 2014 жылы туған бала Белқопа ауылының жанынан ағып жатқан еріген қар суына түсіп кеткен. Ол балалармен сол маңда ойнап жүрген. Оқушының денесі судан шығарылды.