Кабирхан қатысатын Dubai world cup жарысы тікелей эфирде көрсетіледі

30 наурыз күні Дубайда ат жарысынан  Әлем кубогы өтеді.

"Qazsport" телеарнасы Кабирхан қатысатын Dubai world cup жарысын тікелей эфирде көрсетеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qazaqstan арнасына сілтеме жасап. 

30 наурыз күні Дубай төрінде ат жарысынан Әлем кубогы өтеді. Бәйгеге қазақстандық сәйгүлік Кабирхан қатысады.

Аталмыш додада қазақтан шыққан тұңғыш халықаралық дәрежедегі жокей Бауыржан Мырзабаев та бақ сынайды.

Дубайдағы бәйге «Qazsport» телеарнасынан 30 наурыз 16.00-де тікелей эфирден көрсетіледі.