Шымкенттік құтқарушылар Аршалы ауданына көмекке барды

Бұл туралы Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді.

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары су тасқынына қарсы күрес бойынша көмек көрсету үшін Аршалы ауданына барды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінде Аршалы ауданында су тасқынының қаупі бар.

«Биылғы жылғы наурыздың 28-де қалыптасқан жағдайға байланысты 40 құтқарушы, 5 техника, 15 мотопомпа және 1 жүзу құралы бар Шымкент қаласының ТЖД күштері мен құралдары Аршалы ауданына көмекке келді», – деді ведомстводан.