Павлодар облысында жаңа мектеп салынады

Аймақ басшысы құрылыс басқармасына жаңа мектеп құрылысына арналған жобалық-сметалық құжатты дайындау туралы тапсырма берді.

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханның қатысуымен облыстық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті.

Жиын барысында айтылғандай, келесі жылы Аққулы ауданындағы Тілектес ауылында жаңа мектеп салынатын болады.

Бұл – ауыл тұрғындарының өтініш-тілегі.

Облыс әкімі Асайын Қуандықұлы тұрғындардың талап-тілектері қашанда басты назарда болуы қажет екенін айтты.

Аймақ басшысы құрылыс басқармасына жаңа мектеп құрылысына арналған жобалық-сметалық құжатты дайындау туралы тапсырма берді. 

Осылайша, келесі жылы Тілектес ауылында жаңа білім ошағы есігін айқара ашпақ.