Президент Боао Азия форумына қатысу үшін Қытай Халық Республикасына барды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Боао Азия форумының ХХІІІ сессиясына қатысу үшін Халықаралық конференциялар орталығына келді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысын БАФ директорлар кеңесінің төрағасы Пан Ги Мун мен Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзи қарсы алды.