Қызылорда облысында жоғалып кеткен екі адам табылды

Автокөлікпен шығып кетіп, қайта оралмаған.

Қызылорда облысында екі адам автокөлікпен шығып кетіп, қайта оралмаған,   деп хабарлайды Aikyn.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 наурызда сағат 19.38-де Қызылорда облысы Жосалы кентінен 100 шақырым жерде жеңіл автокөлікпен кеткен 2 адамның жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен.

Іздеу жүргізу нәтижесінде 24 наурыз күні түнгі сағат 1.05-те Қармақшы ауданы Жосалы кентінен 100 шақырым жерде 1989 және 1994 жылы туған 2 азамат табылды.