Оразаны бұзатын жағдайлар

Рамазан айының ортасы болғанда алғашқы кездегі ықылас пен жалынды жаңартып, бұл күндері де уақытымызды тиімді пайдалануға тырысу керек.

Рамазан айының ерекшелігі сол, мүміндер бұл кезде бір ай бойы ораза ұстайды. Осы орайда muftyat.kz оразаны бұзатын жағдайлар туралы мәлімет ұсынды.

Оразаны не бұзады? 

- Әдейі бір нәрсені жеп-ішу;

- Темекі шегу, насыбай ату, дәрі ішу, құрамында нәрлі заттары бар укол қабылдау;

- Аузындағы жаңбыр тамшыларын әдейі жұту; Бұл жайлы мына хадисте айтылған: «Ораза кірген нәрселерден ғана бұзылады, шыққаннан емес».

- Әйелімен жақындасу (яғни, таң намазынан ақшам намазына дейін жақындасу оразаны бұзады);

- Cебепсіз қорек немесе қоректік қасиеті бар барлық заттарды біле тұра әдейілеп жеу оразаны бұзады;

  • Мұндай жағдайларда каффарат оразасын ұстау қажет. (Каффарат деп – рамазан айының оразасын себепсізден-себепсіз біле тұра бұзып жіберсе, екі ай ораза ұстауды, оған шамасы келмесе алпыс кедейді тамақтандырып, тойғызуды айтады).

Оразаны кімдерге ұстамауға рұқсат? 

 - Жолаушылық; (сапарда ауыз бекітпеуге болады, бірақ басқа күндерде санын толтырып ораза ұстайды).

- Жүктілік пен бала емізу; (егер денсаулығы мен баласына зиян келуден қорықса, ораза ұстамай кейін қазасын өтесе болады).

- Ауру-сырқау; (сенімді дәрігер ораза денсаулығына зиян тигізетінін жан-жақты анықтап барып айтса, жазылған соң ұстауға болады).

- Кәрілік; (қартайып оразаны денсаулығы көтермейтін кісілер бір кедейдің таңғы және кешкі асын беріп тойдырады. Оған шамасы келмесе тәубе етеді).

Хайыз (етеккір) бен нифас; (бір әйел ораза кезінде етеккір көрсе немесе босанса ораза бұзылады. Мұндай жағдайда тоқтаған соң қазасын өтейді).