Алматыда екі ер адам колонияға тыйым салынған зат салынған түйіншек лақтырмақ болды

Ұсталған адамдардың жеке басы анықталып, болған жәйтқа қатысты материалдар Қонаев қаласының полиция бөліміне жіберілді.

Алматы облысының ҚАЖД қызметкерлері тыйым салынған заттарды колонияға лақтыру фактісінің алдын алды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Polisia.kz-тің жазуынша, Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №57 мекеме қызметкерлері тыйым салынған заттарды колония аумағына лақтырмақ болған екі ер адамды ұстады.

Оқиға орнынан пакеттермен оралған түйіншек тәркіленді. Ішінен бір пакет және көлемі 1 литрлік насыбай толы бөтелке, үш телефон мен төрт қуаттағыш құрылғы табылды.

Ұсталған адамдардың жеке бастары анықталып, болған жәйтқа қатысты материалдар Қонаев қаласының полиция бөліміне жіберілді.