Оқушылар көктемгі каникул кезінде неше күн демалады?

Көктемгі каникул 21 наурыздан 31 наурызға (қоса алғанда) дейін созылады.

Еліміздегі мектептерде III тоқсанның аяқталуына бір апта қалды. Биыл оқушылардың көктемгі демалысы 11 күнге созылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Оқу-ағарту министрлігінің каникулдар кестесіне сәйкес, көктемгі каникул 21 наурыздан 31 наурызға (қоса алғанда) созылып, жалпы саны 11 күнді құрайды.

IV  оқу тоқсаны 1 сәуір – дүйсенбі күні басталады. IV тоқсан 8 оқу аптасын құрайды.

2024 жылдың наурыз айында қазақстандықтар 14 күн демалады. 21-23 наурыз – Наурыз мейрамы. 23 наурыз сенбіге сәйкес келеді, сондықтан демалыс күні 25 наурызға ауыстырылды. Сәйкесінше, Наурыз мерекесінде қазақстандықтар 5 күн қатарынан демалады.