Ұлттық банк 7 наурызға арналған ресми валюта бағамын ұсынды.
7 наурызға арналған валюта бағамы
Фото: Валерия Змейкова
941
оқылды

Ұлттық банктің 7 наурыздағы ресми бағамына сәйкес 1 доллар құны 447,52 теңге болып бекітілді. Ал Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,96 теңге болды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алматы мен Астана қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 447-452 теңгеден сатылып жатыр. 

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 449,5-451,7 теңгеден саудалануда. Ал Астанада доллар бағамы 447,5-452,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында ресейлік рубль бағасы 4,85-4,92 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада 4,8-4,95 теңгеден сатылуда.