Елші аталған күнге арнап сөз сөйлеп, бұл күннің Алжир елі үшін маңызды екеніне тоқталды.
Іс-шара барысында елші мырза ел тәуелсіздігін алу жолында қаза тапқан шейіттердің рухына арнап Фатиха сүресін оқып, шейіттерге арнап дұға жасап, мерекелік іс-шараға жиналған ел алдында сөз сөйледі.
«Біз бүгін достас, сүйікті Қазақ жерінде берілген антқа, ең алғашқы қараша ай революциясы майданына адалдығын білдіре отырып, даңқы әлемге тараған бірінші қараша ай революциясының өткен жолын мәңгі естелік етіп, шейіт болған батырларының антына берік институттары бар жаңа қуатты республика құру жолымен шейіт болғандарға арналған ұлттық күнді салтанатты түрде атап өтіп жатырмыз.
Расында да, бұл күн өзінің тарихымен тығыз байланыстағы, болашаққа деген талпыныспен жаңа Алжирдің фундаментін күшейтіп, түрлі салалар бойынша атқарылған іске маңызды қадам болатын ұлттық егемендіктің қалпына келуіне 60 жыл толған меркемен тұспа-тұс келіп отыр.
Алжирдің Ұлттық шейіт күні елдің тәуелсіздігі жолында өзінің өмірін құрбандық еткен мыңдаған алжирліктің рухына арналып, жыл сайын еске алу іс-шаралары ұйымдастырылады, әр жылдың 18 ақпанында тойланады.
«Өлсек, естелігімізді сақтап қалдырыңыздар» деген ұмытылмас сөзді 1955 жылы 10 қаңтарда аш-Шараф алаңында Алжирдің тәуелсіздігі үшін қару ұстанып оққа ұшқан, азат ету соғысының ұлы қайраткері Дидуш Мұрат батыр айтқан еді.
Республика президенті Абделмаджид Теббун мырза жаңа Алжир ұрпақтарына арнап «шейіттерді ұмыт қалдырмаңыздар» деген еді.
Бұған дейін Алжирде газ экспорттаушы елдердің мүддесін қорғау үшін саммит өтетіні туралы хабарлаған болатынбыз.