ШҚО тұрғыны жеңіл автокөлігімен жылқы тасыған.
Жеңіл көлігінің артына жылқыны сыйдырып жіберген жүргізуші жол сақшыларын таңғалдырды
1,938
оқылды

Аймақтағы Полиция департаментінің "Мал ұрлығы" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында тәртіп бұзған жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Құзырлы органның баспасөз қызметінің хабарлауынша, полиция қызметкерлері патруль кезінде 44 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы көлікті тоқтатқан. Автокөлікті тексеру кезінде жүргізушінің артқы орындықта тиісті құжаттарсыз, сондай-ақ тасымалдау ережелерін бұза отырып, тірі жылқыны алып бара жатқанын анықтаған.

"Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Заңды шешім қабылдау үшін жиналған материал Тарбағатай аудандық ветеринарлық-аумақтық инспекциясына жолданды", – делінген хабарламада.