Вакцинация 19 бен 30 жас аралығындағы қазақстандықтарға жасалады.
Желтоқсанда қызылшаға қарсы ересектерді вакцинациялау басталады

Астанада келесі айдың басында ересектерді қызылшаға қарсы қосымша егу басталады, – деп хабарлайды Aikyn.kz “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.

 

Вакцинация 19 бен 30 жас аралығындағы қазақстандықтарға жасалады.

Еске сала кетейік, Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері 17 мың қазақстандықтан қызылша ауруы анықталған. Барлық жағдайлардың 80 пайыздан астамы балаларда кездеседі. Олардың 30-ы қазір ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.

"Қаулыға сәйкес қосымша екпені 6 қарашадан бастап 6 айдан 10 айға егіп жатырмыз. Желтоқсаннан бастап екі жастан төрт жасқа дейінгілерге екпе салып бастаймыз. 55 жасқа дейінгі медицина қызметкерлеріне де екпе салынады. Биыл қызылша жұқтырған балаларға қосымша екпе салуға болмайды. Оларға биыл екпе салынбайды. Оған қоса, медициналық тұрғыда екпе салуға тыйым салынған, анықтамасы бар адамдарға да екпе салмаймыз”, – дейді Астана қаласы иммунопрофилактика бөлімінің жауапты дәрігері Наргиз Таирова.

Еске салсақ, осыған дейін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қызылшаға қарсы вакцинаның қауіпсіз екенін дәлелдеу үшін немерелерін мысалға келтірді. Министр немересін емханаға өзі апарып, оған ауруға қарсы екпе салдырған.